12 қыркүйек күні мектебімізде Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай жас ұрпақ бойына жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, олардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, отбасылық кітап оқу дәстүрін дамыту мақсатында педагогтер мен кітапқұмар оқырмандардың қатысуымен «Мұзтаудың мұзбалағы» жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арналған кітапқұмарлар фестивалі Kitap Fest ұйымдастырылды. Фестиваль барысында «Оқы және өзгеге сыйла» бағытында оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісу үшін оқырмандар өздері оқыған кітаптарын бір-біріне сыйға тартты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *