7, 8-сынып интернат тәрбиеленушілері Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған күй кешіне қатысып қайтты.
Ұлы күйшінің мұрасымен жақын танысып, қазақтың дәстүрлі күй өнерінің тереңдігі мен шынайы рухын сезінді. Бұл шара оқушыларға ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге, өнердің құндылығын түсінуге үлкен мүмкіндік болды.


