Мектеп жаңалықтары

Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

29.04.25 -04.05.24 аралығында “Жас маман-болашаққа бас қадам” атты жас мамандар апталығы басталды . Апталықты мектебіміздің жас мамандары: Рыспаева Д.Е. Радолда Ө. Женисова А.Е ашты .

1 мамыр — бірлік күні құтты болсын!Бірлігіміз жарассын,тірлігіміз,Татулықтың мекені есік ашып.Жүрейікші жарасып достығымыз,Ағын судай әрдайым көңіл тасып!

Мектебімізде 29 сәуір күні 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты және «Ұранды елдің ұланы қайсар» тақырыбында 7 мамыр – Отан…

5-6-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде оқушылар жүлделі орындарға ие болды.5-сынып оқушылары Таңат Шұғыла, Нәби Абдахман — II дәрежелі диплом,6-сынып оқушылары Буркитбаева Ұлпан — II дәрежелі…

«Оқу сауаттылығы апталығы»аясында Жамбыл атындағы ММЛИ 5сыныптар арасында ағылшын тілі пәні бойынша диктант жазылды . Пән мұғалімдері: Женисова А.Е.Танина Д.О.Сламбекова К.Н.Мақсаты: ағылшын тілінде сауатты жазу және тыңдалымды жақсарту .

«XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры» атты оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес 5″А» сыныбында «Holidays in Kazakhstan » тақырыбында ашық сабақ және 5-сыныптар арасында «Literary ring» сайысы өтті.Пән мұғалімі: Сламбекова К. Н

7-8 сынып оқушылары арасында Халықаралық ғылым академиясы жоғарғы мектебінің академигі, техника ғылымының докторы, профессор Ж. Ақылбаев атындағы физика пәнінен VII облыстық олимпиада Шет ауданы Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында өткізілді. Мектептен…

“XXI ғасыр — сауатты ұрпақ ғасыры” атты оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес 8-сыныптар арасында “Spelling Bee” орфоргафиялық сайыс өтті.Пән мұғалімі: Искакова Г.С.