Мектеп жаңалықтары

Бүгін 7, 8 сынып интернат тәрбиеленушілері арасында Тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс өтті.Оқушылар белсенділік танытып, командалық рух пен шеберліктерін көрсетті. Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз!

“Ғылым және технология” апталығы аясында, 7-сыныптар арасында география пәнінен «Жас эрудит» зияткерлік сайысы өтті.Мақсаты: Қызығушылық пен көкжиекті дамыту, география пәні бойынша негізгі материалдарды қайталау. Пән мұғалімі: Жаканова Г.Т

Ғылым және технология

Мектебімізде 8-12 сәуір аралығында “Ғылым және технология” жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығы өтеді. Мақсаты: Мәселелерді шешуде тың идеялары бар, жаңаша стильде ойланатын, өз-өзіне сенімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Қарағанды облысыны білім беру ұйымдары қызметкерлерінің XII касіподақ облыстық спартакиадасында командалы ойындарда мамандандырылған мектептер арасында волейболдан 1 орын тенистан 1 орын және барлық командалық сайыстан 3 орын алғанмен ұстаздарымызды құтықтаймыз!!!

«Атамұра» республикалық ғылыми — әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Бояулар құпиясы» байқауында мектебіміздің оқушылары Досұлы Нияз және Абенов Акберен жүлделі І орындарды иеленді. Жетекшісі: Исмагулов М.С.

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі…