Мектеп жаңалықтары

Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

Біртұтас тәрбие аясында “Әділдік және жауапкершілік” айы негізінде 18.11.2024 күні 7-10 сынып интернат тәрбиеленушілерінің арасында “Қызық екен” интеллектуалды ойыны өткізілді

2024 жылдың 18 қарашасы күні мектеп мұражайында біртұтас тәрбие аясында «Шебер қолдар» үйірмесіндегі 7 «б» сынып оқушыларымен үйірме сабағы өткізілді.Мақсаты ұлттық құндылықтарымыз тоқыма өнерінің шығу тарихын оқушыларға насихаттап,жеткізу. Жауаптылар :…

«Көркемсөз оқу» ІІ орын

Сүйінші!!! 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Ақберен» республикалық өнер байқауында мектебіміздің оқушысы Бақытбек Гауһар «КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Разбекова Сана Какеновна. Құттықтаймыз!!!

9-10-11 сынып оқушыларына кәмелетке толмағандар істері бойынша учаскелік полиция аға инспекторы Имантаев Темірлан Серікұлы құқық бұзушылықтың және нашақорлықтың алдын — алу мақсатында бейнероликтер көрсетті. Әлеуметтік желілердегі ойындар, олардың зияны, әртүрлі…

2024 жылғы 13 қарашада мектебімізде «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубы 9-10 сыныптар арасында пікірсайыс турнирін өткізді. Мақсаты: оқушылар арасында мектепшілік пікірсайыс қозғалысын дамыту және насихаттау.Пікірсайыс турниріне 8 топ қатысты. Турнир…

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Математика, физика және информатика мұғалімдері арасында ашық Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің математика-информатика пәні мұғалімі РАДОЛДА ӨМІРҰЗАҚ І дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!! Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз.

8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі «КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ» номинациясы бойынша І орынды Бақытбек Гауһар (Разбекова С.К.), «АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ» номинациясы бойынша ІІ орынды Наурызбай…

Республикалық ғылыми — практикалық конференцияның облыстық кезеңінен оқушыларымыз жүлделі орындар иеленді

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі🥈ІІ-орынды✅Зарлық Айару биология пәнінен (Бекбауова А.Т.)✅Ғалымжан Аяулым математика пәнінен (Бекбулатова Г.И.)✅Рымбек Айша, Файзуллаева Саида тарих пәнінен (Табынбекова М.А.)✅Амандыкова Махаббат орыс әдебиеті пәнінен (Кадирова…