Мектеп жаңалықтары

Бүгін 7, 8 сынып интернат тәрбиеленушілері арасында Тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс өтті.Оқушылар белсенділік танытып, командалық рух пен шеберліктерін көрсетті. Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз!

Республикалық ғылыми жобалар конкурсынан Рымбек Айша ІІІ орын иеленді

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Тараз қаласында өткен 8-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық ғылыми жобалар конкурсында мектебіміздің 9 сынып оқушысы РЫМБЕК АЙША (Тарих секциясы) ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетешісі Табынбекова…

Алғыс айту — парызымыз

Бүгін көктемнің алғашқы күнімен сәйкес келген»Алғыс айту күні»құтты болсын!! Мектебімізде «Алғыс айту-парызым! » атты мерекелік концерт өтті барлық қазақ еліне алғысымыз шексіз!!!Ұйымдастырушылар: 5″А»сынып оқушылары және сынып жетекшісі:Сламбекова К.Н8″Б»сынып оқушылары және…

Алғыс айту күні

Алғыс айту — жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады демекші Жамбыл атындағы ММЛИ 10 «А» сынып оқушылары мектеп қызметкерлеріне өз алғыстарын…

1 наурыз халықаралық қорғаныс күні -Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында төтенше жағдайлар болған кезіндегі оқу жаттығулары өтті.Мектеп ұжымы,оқушылар бұл шарада белсенділік танытты.Эвакуация нормативтеріне сай өтті.

Жамбыл Азаматұлымен сыр-сұхбат

Мектебімізде кешегі күні Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмабеков Жамбыл Азмұханұлымен сыр-сұхбат өтті.9-сынып оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алыс болды. Мектебімізге келіп, оқушыларымызбен…

1 Наурыз — алғыс айту күні

1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.