Мектеп жаңалықтары

Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

21.10.2024 күні 5 А сыныбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету.Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі — туған Отанды сүюденбасталатынын түсіндіру. Отанға…

Октябрь ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенаты Т.Имантаев оқушылармен тоқсан аяғында кездесіп қауіпсіздік ережелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Ұлттық құрылтайда: “ Қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек.Тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап…

Жас тарихшылардың “Менің шағын Отаным” VIІ республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі І орынды Өмірбекұлы Бағдаулет, ІІ орынды Қайргельдиева Наз, ІІІ орынды Армия Науаф иеленді. Жетекшілері Табынбекова М.А.…