Мектеп жаңалықтары

9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!! “Дос бол Like” жобасы аясында 5 «А» сыныбында «Күйзеліс сезімі дос па әлде жау ма?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.”Күйзеліс” ұғымына анықтама бере отырып, оқушылар сызбаға түсіріп, сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын ортаға салды.

Хабарландыру

«ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ММЛИ» КММ келесі бос орынға конкурс жариялайды: Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарына 1,0 жүктеме барын хабарлаймыз. Өтініштерді қабылдау 30 тамызға дейін. Байланыс тел: 8(7212)-45-16-49

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Жамбыл атындағы ММЛИ 22.08.2023 күні, сағат 10:00-де математика мұғаліміне конкурс өткізеді. 5-11 сынып окушыларын оқытуға математика мұғаліміне 1,5 жүктеме бос орын барын хабарлайды. Мекен-жайы: 12-ші шағын аудан, 3а, телефон: 8(7212)…