Мектеп жаңалықтары

Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

«Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен Академик Е.А. Бөкетов атындағыҚарағанды университетінің ұйымдастыруымен өткізілген 10-11 сынып оқушыларына арналған экология пәнінен аймақтық олимпиадада мектебіміздің оқушысы Файзуллаева Саида ІІІ…

Біртұтас тәрбие аясында «Өнегелі 15 минут» іс — шарасына 6-сынып интернат тәрбиленушісі Мұстафаның әжесін шақырдық. Онда, қыз баланың тәрбиесі, жүріс тұрысы, инабаттылық, мәдениеттілік туралы сөз қозғалды. Алтын уақытын бөліп келген…

Академик Е.А. Бөкетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Тарихтағы тұлғалардың рөлі» аттыжас зерттеушілердің Республикалық ХІ Құрылтайында мектебіміздің оқушылары жүлделі І орындарды Әнуар Әбдәрраззақ, Ғалымжан Аяулым [ТабынбековаМ.А.] және жүлделі ІІ орындарды…

2024 жылдың 19 қарашасында интернатта «БД Қазақстанда тек қана валюта ретінде теңгені қолдануды ұсынады» тақырыбында 6,9 сыныптар арасында пікірталас турнирі өтті.Мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе…

Жауапкершілік пен әділеттілік айлығы аясында 5 “А” сыныбы тәрбие сағатында«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді.

Бүгінгі тәрбие сағатында 8″Б» сынып оқушылары «Суды, тамақты, энергияны тұтыну» тақырыбында арнайы жұмыс жасады. Өз ойларымен бөлісті және отбасылық бюджетті үнемдеуге үйренді.

Мектебімізде 22 қараша күні «Мектептерге арналған PISA» — «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы АК ұйымдастыруымен ЭЫДҰ халықаралық зерттеуіне қатысты. Мақсаты: білім беру ұйымы деңгейіндегі білім сапасына бағалау жүргізу,…

21.11.2024 жылы күні #3 әдістемелік кеңес өтті. Онда жоспарланған мәселелер толық қарастырылды. «Мектептерге арналған РІSA», сынып оқушыларының ҰБТ нәтижелері, оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау туралы мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісті