Мектеп жаңалықтары

Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

Хабарландыру

«ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ММЛИ» КММ келесі бос орынға конкурс жариялайды: Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарына 1,0 жүктеме барын хабарлаймыз. Өтініштерді қабылдау 30 тамызға дейін. Байланыс тел: 8(7212)-45-16-49

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Жамбыл атындағы ММЛИ 22.08.2023 күні, сағат 10:00-де математика мұғаліміне конкурс өткізеді. 5-11 сынып окушыларын оқытуға математика мұғаліміне 1,5 жүктеме бос орын барын хабарлайды. Мекен-жайы: 12-ші шағын аудан, 3а, телефон: 8(7212)…