Мектеп жаңалықтары

Бүгін 7, 8 сынып интернат тәрбиеленушілері арасында Тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс өтті.Оқушылар белсенділік танытып, командалық рух пен шеберліктерін көрсетті. Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз!

“Математика айналамызда” атты апталғымызда 29 қаңтар күні математика пәні мұғалімі Уатаев Н.С. 9 Б сыныбымен “Негізгі тригонометриялық тепе-теңдік ” атты ашық сабағы өтті!

3-ші күнімізде “Математика айналамызда” атты апталғымызда 29 қаңтар күні математика пәні мұғалімі Калиева Ж.У. 7 Ә сыныбымен “Қысқаша көбейту формулалары” атты ашық сабағы өтті!

28.012025 күні 9 сынып интернат тәрбиеленушілеріне болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесіп, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүние танымын кеңейту мақсатында » Мамандық таңдау — болашаққа қадам» мектебіміздің…

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Өнегелі 15 минут» 6-сынып интернат тәрбиеленуші ұлдарымен «Ұл тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда ер жігіттің қалай болу керектігі, үлкен-кіші, кәрі-жас алдында өзін…

Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәні мұғалімі Мухамеджанова Мейрамгуль Айтпаевна «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде сарапшы ретінде кәсіби біліктілік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды

Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі Баймухатова Бахыт Хажымуратовна «Педагогикалық идеялар фестивалінде» ІІ дәрежесі дипломмен марапатталды

Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шыға алу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, физика ғылымы туралы ұғымдарын кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау…

Қарағанды қаласындағы жалпы білім беретін оқу орындарының 11-сынып оқушылары арасында өткен «Тіл білгірі» олимпиадасында мектебіміздің оқушысы Мақыш Балнұр ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Тойжанова Ш.Б. Құттықтаймыз!

Математикалық сауаттылық апталығының 2ші күнінде 5-7 сынып оқушылар арасында “Математика менің өмірімдегі маңыздылығы” тақырыбы бойынша фотосуреттер байқауы өтілді

Бүгін 5 сынып тәрбиеленушілері арасында «Тапқыр достар» зияткерлік сайысы өтті. Сайыс мақсаты: оқушыларды ұйымшылдыққа, айналасындағы ортамен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу,тапқырлыққа, шапшаңдыққа, сөздік қорын молайтуға баулу. Сайыс тартымды өтіп, оқушылар белсене қатысты.