«Ауыл–қала» жобасы аясында мектебімізде Ақтоғай ауданының шағын жинақталған оқушыларына арналған «Кітап – сарқылмас қазына» тақырыбында «Read x» жобасы өткізілді. Іс-шараны кітапхана меңгерушісі Балпыкова Ж.Ж. ұйымдастырды.
Жобаның мақсаты – оқушыларды кітап оқуға тарту, оқу сауаттылығын арттыру және пікір айту дағдыларын дамыту. Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған кітаптарын таныстырып, мазмұны бойынша ой бөлісті.
