Сабақта цифрлық технологияларды қолдану дегеніміз — оқу процесін жақсарту, қызықтыру және тиімділігін арттыру үшін компьютерлерді, интернетті, интерактивті тақталарды, арнайы бағдарламаларды және электронды білім беру ресурстарын қолдану. Бұл дәстүрлі сабақтарды цифрлық құралдармен толықтырып, оқуды заманауи әрі тиімді етуге бағытталған әдіс. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, материалды тереңірек меңгеруге көмектеседі, оқу процесін дамытады. Осы орайда мектебімізде «Ауыл-қала» жобасы бойынша, Ақтоғай ауданының мүғалімдеріне арналған семинар өткізілді.Тарих пәні мұғалімі Баймұхатова Б.Х өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинардың мақсаты:оқу процесін заманауи талаптарға сай бейімдеп, білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру .
Педагогтердің әр тарапты ізденушілік қасиеті үнемі қозғалыста болуы керектігі және инновациялық-технологиялық бағыттағы танымы үнемі сабақ үрдісінде іске асып отыруы қажеттігі айтылды.Ұстаз іс-тәжірибесінде қолданып жүрген цифрлық білім беру ресурстарының түрлері мен таныстырып мағұлмат берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *