Шеберлік сағаты – “Волейбол” авторлық бағдарламасы
(11-сынып):
📍 Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Бұқар Жырау ауданы, Абай ауданы
13.06.2025
Білім — жай ғана ақпарат беру емес, ол жүректен жүрекке жететін із, ол — шынайы ықыластан туған ілім. Осы ұстанымды өмірлік қағидасына айналдырған Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп — лицей- интернатының зерттеуші мұғалімі — Аменов Жарас Амангельдинович Қарағанды облысы Қарқаралы , Бұқар Жырау, Абай аудандарында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған, “Волейбол”авторлық бағдарламасын таныстырып, шеберлік сағатын жоғары деңгейде өткізіп, педагогикалық қауымдастыққа тың серпін сыйлады.
Бұл шеберлік сағаты — жай ғана әдістемелік кездесу емес, бұл — спорт пен педагогиканың синтезіне негізделген ой мен дененің, тәжірибе мен шабыттың диалогы болды.
Шеберлік сағат барысында Аменов Жарас Амангельдинович:
- Қарапайым жаттығуды қалай қызықты әрі мағыналы ойынға айналдыруға болатынын;
- Оқушының ерік-жігерін шыңдап, командалық рухты қалыптастыру әдістерін;
- Жаңа буын оқушыларының психологиясын ескеріп, волейбол сабағын қалай жаңаша ұйымдастыру керектігін нақты тәжірибеде көрсетті.
Мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтар мен талқылау кезеңі нағыз кәсіби диалог алаңына айналды. Көпшілік бұл шеберлік сағатын “тек тәжірибе алмасу емес, педагогикалық көзқарасымызды қайта қарауға итермелеген сәт” деп бағалады.
Мұндай іс-шаралар бір реттік кездесу емес, ұзақмерзімді кәсіби дамудың бастамасы екенін дәлелдеді.
📸 Естелік сәттер төменде👇


