3-маусым күні мектебіміздің география пәні мұғалімі Г.Т.Жаканова «9-сынып оқушыларына арналған География пәні бойынша

білім алушылардың білім жетістіктері мониторингісіне негізделген тапсырмалар жинағы» тақырыбындағы әдістемелік жинақтың таныстырылымын авторлар құрамымен бірге Zоом платформасы арқылы онлайн форматта Абай, Шет аудандары мен Теміртау қаласының география пәні мұғалімдеріне шебер сынып үлгісінде өткізді. Шебер сыныпта жинақтың мақсат, міндеттері, өзектілігі мен тиімділігі айтылып, тапсырмалардың құрылымына талдау жасалды. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырып, дамытуға бағытталған деңгейлік тапсырмалар, карта, сызба, картодиаграмма және геоақпараттық жүйемен жұмыс жасау қабілетін арттыратын және мәнмәтінге негізделген: сәйкестендіру, картамен жұмыс, жағдаяттық тапсырмалар үлгілері көрсетіліп талданды.

Кері байланыс барысында мұғалімдер сұрақтарын қойып, жинақпен бөлісуді ұсындып нәтижесінде оң пікірлерін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *