«Болашаққа жолдама» форумы аясында өткен облыстық стартап бизнес жобалар байқауында жас өнертапқыш Нұрбек Әмира өз жобасымен ерекше көзге түсті. Ол ұсынған EpoxyArt атты стартапы – эпоксидті шайырдан жасалған өнер туындыларына негізделген. Жас кәсіпкердің шығармашылық қабілеті мен іскерлік бастамасы қазылар алқасының жоғары бағасын алып, байқау қорытындысы бойынша 3-орынға ие болды. Әмираның жұмысы заманауи өнер мен кәсіпкерлікті ұштастырудың жарқын үлгісіне айналды. Бұл жетістік оның алдағы кәсіби даму жолына сенімді қадам болмақ. Жетекшісі: Мусабекова А.М.

