📌 НАШАҚОРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ Нашақорлықтың алдын-алу профилактикасы бойынша Жамбыл атындағы ММЛИ «Есірткі және есірткі ге құмарлық деген не?» тақырыбында жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.Мақсаты: оқушылардың өміріне қауіп төндіретін есірткінің, нашақорлықтың зиянын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Шара барысында бүгінгі жастардың денсаулығына, әл-ауқатына және қауіпсіздігіне залал келтіретін өткір проблемалардың бірі — нашақорлық екендігі ескертілді және бейнеролик көрсетілді.Соңғы 3 жылда синтетикалық есірткіге тәуелді жастардың саны екі жарым есеге артқан. Себебі, синтетикалық есірткілер жасөспірімдер үшін арзан әрі оған оңай қол жеткізуге болады. Нашақорлық қоғамның дерті. Бұл дерттің тырнағына ең бірінші болып жаңалыққа құмар жастар ілігіп жатыр. Есірткінің барлық түрі адам денсаулығы мен психикасын бұзады, оның соңы нашақорлы психиатриялық клиникаға немесе өлімге апаратындылығы түсіндірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *