03.04.25 күні мектебімізде 9-10 сыныптар арасында патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге спикер,Қарағанды облысының Қорғаныс істері департаментінің орынбасары, подполковник Еркебұлан Мұстағұлов келді.Кездесу барысында Еркебұлан Мұстағұлов оқушыларға Отан алдындағы борыш, әскери қызметтің маңыздылығы және патриотизм туралы тағылымды әңгіме өрбітті. Ол жас ұрпақты елін сүюге, жауапкершілік пен тәртіпке баулудың маңыздылығын атап өтті. Оқушылар спикерге көкейіндегі сұрақтарын қойып, маңызды ақпараттар алды. Бұл кездесу жас жеткіншектердің бойында патриоттық рухты нығайтып, болашаққа деген сенімдерін арттырды.

