2025 жылдың 15 наурыз күні «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты республикалық форумның облыстық кезеңі қашықтықтан онлайн форматта өтті. Форумға облыс бойынша барлығы 95, мектебімізден 8 оқушы қатысып, 3 номинация бойынша мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарды иеленді.
№1 Номинация «Мен мамандықты…таңдаймын» бағыты бойынша:
ІІІ орындарды Бақытбек Айсу 7 сынып (Мусабекова А.М.) және Амандыкова Махаббат 9 сынып (Жалгасбаева Р.А.).
№2 Номинация «Менің кәсібім – менің бизнесім» бағыты бойынша I орынды Нұрбек Әмира 9 сынып (Мусабекова А.М.) және III орынды Нұрғалиева Іңкәр 9 сынып (Кадирова Р.К.).
№3 Номинация «Жас мобилограф» — бейнероликтер мен бейнесюжеттер бағыты бойынша I орынды Нуржанова Дильназ 9 сынып (Кадирова Р.К.) иеленді.
Әр номинациядан І орын алған жеңімпаздар «Мамандықтар әлімін ашамыз» республикалық форумға жолдама алды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *