АМАЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!
«Ай көрдім, аман көрдім, баяғыдай заман көрдім, ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа» дейтін бабаларымыз Амал мерекесін тіпті айрықша әспеттеді.
Себебі, бұл — көктемнің айы, жыл басы.
Бұл — ағайынның аққа, жан-жануардың көкке аузы тиетін, жер дүние жаңарып, жанданып, қырдағы елдің ойдағы ауылмен араласып, асыға күтетін, қуана көрісетін күні.
Жақсылығымызбен бөлісіп, жиі көрісіп тұрайық, жақсы жандар!
Амал мерекесі құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Еліміз аман, бейбіт заман, бауырымыз бүтін, босағамыз берік болсын, ағайын!