Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ардагер ұстаз, ҚР Білім беру саласының үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Бәтіш Мұқатайқызы Тауықбаеваға арналып мектебімізде арнайы әдістемелік кабинеттің ашылуы өтті. Ашылуға арнайы шақырылған қонақтар мен шәкірттері және мектептің түлектері өздерінің естеліктерін, ыстық ықыластарын, жылы лебіздерін білдірді. Бәтіш Мұқатайқызы — қазақ тілі мен әдебиеті пәніне және мектептің дамуына үлкен үлесін қосқан мұғалім. Ұстаздың еңбегіне деген құрмет ретінде кабинеттің ашылуы жас ұрпаққа — өнеге.




