2025 ж. 17 ақпан күні дене шынықтыру және АӘД «Дені саудың – жаны сау» тақырыбындағы апталығына арналған «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты 6Б сыныбында сынып сағаты өтті. Бұл іс-шараға мектеп дәрігері қатысып, оқушыларға дұрыс тамақтану туралы пайдалы мәліметтермен бөлісті, оқушылардың сұрақтарына кері байланыс берді. Оқушылар «Коллаж» әдісі бойынша «Пайдалы және зиян тағамдары» тақырыбына коллаж жасады, спикерлер өз жасаған жұмысын қорғады. Сынып жетекші Р.К.Кадирова тағамға байланысты «Мақалды аяқта!» викторинаны өткізді, «Дұрыс тамақтану пирамидасымен» таныстырды, «Пайдалы және зиянды тағамды ажырат!» атты интерактивті ойынды өткізді. Оқушылар өздеріне пайдалы ақпарат алды.



