Бүгін – халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл атаулы мейрам 2012 жылдан бері тойланып келеді. Адамдар бір-біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынады.
Кітаптың адамға әсерін жеткізе алмайсың. Кітаптың адамға әсері шексіз. Неге? Өйткені, сіз кітапты оқысаңыз, кейіпкердің тебіреністерін, толқуларын, қалай ойлағанын байқайсыз. Сол арқылы есті адам көп нәрсе ала алады.