28-қаңтар күні 7-сынып интернат тәрбиеленушілерімен Біртұтас тәрбие бағдарламасы “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында “Ата-анамыздың еңбегі-біздің мақтанышымыз” атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқушыларды ата-аналарының еңбегін құрметтеуге, түрлі мамандықтар туралы білімдерін кеңейтуге, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілікті бағалауға бағытталды. Іс-шара барысында балалар өз ата-аналарының мамандықтары туралы әңгімелеп, дайындаған буклеттерін қорғады.

