2024 жылдың 07-17 қазан айы аралығында мектепшілік «Жыл мұғалімі — 2024» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: педагог мамандығының мәртебесін арттыру, қатысушы педагогтердің педагогикалық ұстанымы мен тұлғалық әлеуетін көрсету, мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін ынталандыру. Мектебімізде байқауға 6 мұғалім қатысты. Байқау 3 кезеңнен өтті.
✅ 1 — ші кезең: «Пән бойынша ашық сабақ»
✅ 2 — ші кезең: «Сыныптан тыс іш — шара»
✅ 3 — ші кезең: Қорытынды кезең
Қорытынды кезеңде байқауға қатысушы мұғалімдер бірнеше кезеңдерден өтті
1️⃣ «Педагогтің визиттік карточкасы» таныстыру кезең,
2️⃣ «Педагогикалық жағдаяттар»,
3️⃣ «Мұғалімнің демалыс күні» үй тапсырмасы,
4️⃣ «Менің өнерім»
Байқаудың қорытындысы бойынша:
✨ Бас жүлде «Жыл мұғалімі — 2024» байқауының жеңімпазы: Биология пәнінің мұғалімі Нәзерке Нұрмашқызы.
✨ 1 — ші орын: Ағылшын тілі пәні мұғалімі Рахимберлина Назархан Бикешовна
✨ 2 — ші орынды 2 мұғалім бөлісті: Биология пәнінің мұғалімі Баданов Нұрсұлтан Медетович, Математика пәнінің мұғалімі Радолда Өмірұзақ
✨ 3 — ші орын екі мұғалімге табысталды: Тәрбиеші Осажанова Гульмира Карибаевна, Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Турсунбаев Кинат Турсунбаевич иеленді.
Барлық қатысушылар диплом, сертификаттар, сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *