Жыл сайын қыркүйек айының екінші сенбісі-Отбасы күні болып аталып өтіледі. Осынау әдемі мереке тұсында біздер қашанда үлгілі отбасыларды өнеге тұтып,көпке насихаттауды дәстүрге айналдырған болатынбыз.Биыл да осы мереке қарсаңында 5 сыныптар арасында “Әкем,Анам және мен” атты спорттық сайыс ұйымдастырылды.Ата-аналар балалармен бірге салауатты өмірді насихаттау мақсатында сайысқа белсенділікпен қатысты.Сайыс соңында ата-аналар мен оқушылар марапатталды.