«Өнегелі өмір» жобасы аясында Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің доценті, «Құрмет» орденінің иегері, «ТМД» елдерінің үздік педагогі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің еңбек сіңірген қызметкері Қағазбаев Жаңбырбай Ахметұлымен өткізілген «Еңбекпен өрілген өмір» атты кездесу барысында Жаңбырбай Ахметұлы оқушылармен өнегелі өмір жолы, ұстанымы, мақсаты жайында ой бөлісті. Кездесуге қатысқан жоғары сынып оқушылары қадірменді маманның әсерлі әңгімесін аса қызығушылықпен ден қоя отырып тыңдап, көкейдегі көптеген сұрақтарына жауап тапқандай тамаша көңіл күймен тарқасты. Осындай тағылымды кездесулердің оқушылардың ерте жастан бейімділігіне байланысты кәсіби мамандықты дұрыс таңдап, алдағы үлкен өмірге икемделуіне серпін сыйлары сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *