«Оқу сауаттылығы апталығы» аясында Жамбыл атындағы ММЛИ 9-сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.В. Баульбекова орыс әдебиеті пәнінен «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Балалар түрлі сұрақтарға (суреті бар сұрақтар, музыкалық сұрақтар және т.б.) құлшыныспен жауап берді. Жеңімпаз 9Б сынып командасы болды. Екінші және үшінші орындарды 9Ә және 9А сынып оқушылары өзара бөлісті. Барлық командалар саптық жиында грамоталармен марапатталады.

