14 ақпан күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тойжанова Шолпан Балташқызының ұйымдастыруымен жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білу, халқына, тіліне деген құрметін арттыру мақсатында «Толғауы тоқсан қызыл тіл» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Тағылымы мол бұл кештің қонағы – өзіндік мәнерімен, ерекше арынымен көрінген ақын, мектебіміздің түлегі, «Шабыт» фестивалінің дипломаты Дәулетхан Сұлтан. Жауласқан екі елді екі ауыз сөзбен шешкен ана тіліміздің сан қырлы құдіретін толғап, ән мен жырдан шашу шашты. Құдіреті терең қазақ тілін қадірлеп, таза сөйлеу елжандылықтың, мәдениеттіліктің өнегесі екеніне аса назар аудартты. Көрермендер мен оқушыларға үлкен ой салды. Мектеп оқушылары да мәнеріне келтіре өлең оқып, ән мен күйден шашу шашып, қонақжайлылық пейіл танытты. Кездесу кешінің соңында мектеп директоры Бектөре Қисықұлы кеш қонағына ризашылығын білдіре отырып, кітап сыйға тартты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *