Білім беру ұйымдарындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша 9 «Ә» сыныптың ата-аналар жиналысында «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері» атты трениг өткізілді. Негізгі мақсаты: Интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру. Ата-аналар Online жән Offline топтарында жұмыс жасап «Жасөспірімдер желіде не істейді?», «Интернетке тәуелді» жасөспірімнің мінез-құлқының белгілері мен ерекшеліктерін талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Кибербуллинг: нақты өмірдегі салдары, түрлері» тақырыбындағы видеоны тамашалап, пікір алмасты.
#Біртұтастәрбие #УМЦ




