2024 жылдың қаңтар айының 22-сі күні оқушыларымыздың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде «Математика айналамызда» математикалық сауаттылық апталығының ашылуы салтанатты түрде өткізілді. Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты: Математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.


