Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар, нашақорлық және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында Октябрь ПБ аумағында 20 қарашадан 30 қараша аралығында “Құқықтық тәртіп“ сонымен қатар “Жасөспірім және көше” жедел профилактикалық іс-шарасы қараша айының 21-нен 23-і аралығында өткізілуде. Осыған байланысты Октябрь ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Т.С.Имантаев, оқушылармен кездесу өткізіп кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жол-көлік жарақаттануы, қауіпсіз мінез-құлық, “Синтетикалық есірткінің зияны”, жасөспірімдердің нашақорлыққа қарсы имунитетін қалыптастыру бағытында құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізді.



