Мектеп жаңалықтары

9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!! “Дос бол Like” жобасы аясында 5 «А» сыныбында «Күйзеліс сезімі дос па әлде жау ма?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.”Күйзеліс” ұғымына анықтама бере отырып, оқушылар сызбаға түсіріп, сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын ортаға салды.

«Ғылым және технология» жаратылыстану — ғылыми сауаттылығы апталығы аясында 8-9 сынып оқушыларымен » Жұмысшы мамандықтар жылы» атты сыныптан тыс іс- шара өтті. Мақсаты оқушыларды мамандыққа баулу, болашақ мамандықтарын таңдау мотивтері…

“Ғылым және технология” жаратылыстану — ғылыми сауаттылық апталық аясында биология пәнінен үзіліс арасында қызықты ойындар мен көңілді тапсырмалар өтті.

Флора және фауна тәжірибелерінің шарасының мақсаты — табиғи орта компоненттерін, өсімдіктер мен жануарлар әлемін зерттеу, олардың өзара байланысын түсіну, экожүйелердің жұмыс істеу принциптерін анықтау, және биологиялық алуантүрлілікті сақтауға үлес қосу.…

Балқаш қаласында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында өткен Облыстық «ZIATKER CUP III» дебат турнирінде мектебіміздің «Икигай» командасы Кайргельдиева Наз бен Рымбек Айша «Жастар финалының» жеңімпазы атанды. Жетекшісі…

“Ғылым және технология” жаратылыстану- ғылыми сауаттылық апталығы аясында, “Үздік ғылыми жоба-2025” шағын байқауы өтті.Мақсаты — таным мен зерттеудің ғылыми әдістерін игеру арқылы оқушылардың шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту.

Іс-шара атауы: «Дара тұлға». Қаныш Сәтбаев туралы видео-роликтер. Өткізу түрі: Оқу танымдық анимация. Қатысушылар: 6 «б» сынып оқушылары. Жауапты: Сынып жетекшілері, Баймаганбетов К.Ж. география пәні мұғалімі. Мақсаты: Ғалымдардың өмірбаянымен және…

«Ғылым және технология» жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығы аясында география пәнінен қызықты сайыстар мен ойындар өтті, белсенді қатысқан оқушылар мен ұстаздарға алғыс айтамыз!

Мектеп кітапханасы 7,8 сыныптарға Евней Арыстанұлы Букетовтын 100 жылдығына орай “Дара туған тұлға” атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу өткізді. Мақсаты : Отансүйгіштікке, ғылыми-танымды дамыту. Туған жерге деген мақтаныш сезімін…

«Ғылым және технология» жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығының бірінші күні үзіліс уақытында оқушылар арасында физика пәніне арналған қызықты танымдық «Формула фабрикасы» ойын өткізілді. Бұл ойынның мақсаты – оқушылардың физикалық шамаларды еске түсіре…

Үзіліс уақытында мектеп оқушылары арасында физика пәніне қызығушылықты арттыру мақсатында «Формулаларды орныңа қой!» атты танымдық ойын өткізілді. Ойын барысында оқушылар физикалық формулаларды дұрыс сәйкестендіру, жылдам ойлау және логикалық байланыс орнату…