Месяц: Январь 2025

Бүгін 5 сынып тәрбиеленушілері арасында «Тапқыр достар» зияткерлік сайысы өтті. Сайыс мақсаты: оқушыларды ұйымшылдыққа, айналасындағы ортамен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу,тапқырлыққа, шапшаңдыққа, сөздік қорын молайтуға баулу. Сайыс тартымды өтіп, оқушылар белсене қатысты.

Бұл видеоларда 7 «А» сыныбы физика сабағынан тыс гидростатикалық қысымның қалай әрекет ететінін көрнекі түрде көрсетіп, қызықты тәжірибелермен бөлісуде. Мұндай практикалық тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын…

Құрметті ата-аналар және оқушылар, сіздерді“МЕЙІРІМДІ ҚАҚПАҚТАР» жобасы аясындағы акцияға қатысуға шақырамыз.(27.01-10.02.2025)Қалдық заттарға екінші өмір сыйла! Ұйымдастырушылар:Экоклуб мүшелері@ecoclub_zhambyl

Математикалық сауаттылық апталығы аясында “Математика патшалығына саяхат”, “ Болашақ бизнестегі Математика” тақырыптарында сынып сағаты өткізілді

Қаңтардың 27 күні саптық жиында математика мәдиетін қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту аясында “Математика айналамызда” математикалық сауаттылық апталығының ашылу рәсімі өтті

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналғанЛәззат Бәйішқызы атындағы«Үздік идеялар» педагогикалық байқауында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Какимова Светлана Шамельевна жүлделі 3- орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

Оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес, Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай 6-сынып оқушыларынан «Бір атаның балалары» әңгімесі бойынша бестік диктант, 10-сынып оқушыларынан Мұхтар Мағауиннің шығармашылығы бойынша диктант алынды. 9-сынып оқушылары «Тілімнен…

«Еңбегі адал жас өрен » жобасы бойынша 5 сынып интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытты ұйымдастыру — шығармашылық қабілетін арттыру жолы.Бос уақытта шахмат, тоғызқұмалақ бес тас ойнап, кітапханада кітап оқиды.