Наурыз айы «Тәуелсіздік және отаншылдық»

Бүгінгі «Алғыс айту — парызым » күніне орай интернат тәрбиеленушілері.» Бізден тәтті ,сізден мақал » сынып сағатынан үзінді.

Алғыс айту мерекесін атап өту мақсатында мектебімізде интернат тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Алғыс айту — парызым» атты концерттік бағдарлама өтті. Оқушыларымыз белсенділік танытып, бар өнерлерін ортаға салды.

1 Наурыз-алғыс айту күніне орай 5-сынып интернат тәрбиеленушілері тәрбиелік іс-шара өтті. Мақсаты:Алғыс айту-жақсылыққа жетелейтін игі дәстүр.Ризашылық білдіру-жүректен шыққан шынайы сезім.

7-сынып интернат тәрбиеленушілерінің “Алғыс айту күніне” жолдаған құттықтауын қабыл алыңыздар.

2025 жылдың 5 наурызында Октябрь ПБ ЮПТ полиция лейтенанты Ербаева Сабина Сагатовна 8-9 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Буллинг/кибербуллинг» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

5 наурыз күні мектеп мұражайында көркем еңбек пәнімен бірлескен біртұтас тәрбие аясында қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау, қазақ қызына тән шаш өру әдебін көрсету мақсатында 6 «ә» сынып қыз балаларымен » Шашбаулым » атты тәрбие сағаты өткізілді. Жауаптылар: Каримова Айман., Қонқабаева Гүлнар.

-сынып интернат тәрбиеленуші қыздарының шаштарын өру, жинау сәтінен көрініс.

03.03 күні өткен саптық жиында 5”А “ сыныбының “Ана” әнін орындап Аналар мерекесімен құттықтады.

7-сынып интернат тәрбиеленуші ұл балалардың Аналар мен Қыздарға арнаған мерекелік құттықтауы.

2024-2026 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жөніндегі Жол картасы аясында 2025 жылдың 06 наурыз күні мектебімізде Діни экстремизм және терроризм тақырыбында Қарағанды облыстық діни істер басқармасының теолог маманы Батталов Нұрханмен кездесу өтті.

АМАЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!

«Ай көрдім, аман көрдім, баяғыдай заман көрдім, ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа» дейтін бабаларымыз Амал мерекесін тіпті айрықша әспеттеді.

Себебі, бұл — көктемнің айы, жыл басы.

Бұл — ағайынның аққа, жан-жануардың көкке аузы тиетін, жер дүние жаңарып, жанданып, қырдағы елдің ойдағы ауылмен араласып, асыға күтетін, қуана көрісетін күні.

Жақсылығымызбен бөлісіп, жиі көрісіп тұрайық, жақсы жандар!

Амал мерекесі құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Еліміз аман, бейбіт заман, бауырымыз бүтін, босағамыз берік болсын, ағайын!

Бүгін мектеп мұражайында 7-сынып интернат тәрбиеленушілерімен “Наурыз-жыл басы” атты сынып сағаты өткізілді. Наурыз мейрамының мән-мағынасы туралы айтылды, әндер шырқалып, ұлттық ойындар ойналды.

2025 жылғы 17 наурызда «Қайырылымдық жолында жанашыр болу, жақсылық жасау» акциясын өткізді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке-жеке сыйлықтарын алып, арнайы концерттік бағдарламамен көңілдерін көтеріп қайту ниетімен барып қайтты. Мүмкіндігі шектеулі балаларға риясыз қуаныш пен жан жылуын сыйлады.

Қайырымдылық жолында: Жанашыр болу, жақсылық жасау акциясы аясында

6«А» сынып оқушылары Көкпекті ауылындағы мешітке барып сынып оқушыларының атынан қайырымдылық акциясына берілген заттарын апарып табыстады. Жомарттық— көркем мінездің бір көрінісі.

6«А» сынып оқушыларымен «Наурыз-жыл басы» атты сынып сағаты өтті.

Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы-Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру, ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеуге, ұйымшылдыққа, өнерге баулу.Сынып сағаты барысында оқушылар қазақтың ұлттық ойындарын көрсетті және ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлер туралы мағлұматтар берді,ұл балалар қол күресіп,қыз балалар шаш өру үлгілерін көрсетті,сыныбымыздың күйші ұлдары «Балбырауын» күйін ойнап, қыздарымыз«Қара Жорға» биін биледі.

Сынып жетекшісі: Сламбекова К. Н.

18 наурыз ұлттық киім күні ата-бабамыздан қалған мұраны қастерлеп, бүгінгі күнді дәріптеуге ықпал етуде. Бүгін интернат тәрбиеленушілері аталған мерекеге өз үлестерін қосты .

27.03.25 күні мектебімізде ұжым арасында ауызашар және Наурыз мерекесіне орай керемет кеш өткізілді. Дәстүрлер жаңғыртылып, ұлттық ойындар ойнатылып, ерекше көңіл-күй сыйлады. Кеш баршаға рухани азық пен ұмытылмас әсер қалдырды деп үміттенеміз.