2024 жылғы 10 қазанда 5 сынып интернат тәрбиеленушілерінің қыз балаларымен Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Өнегелі 15 минут» әңгімелесу кеші өтті. Әңгіме барысында Сафинаның әжесі қыз баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, еңбекқорлық, инабаттылық тақырыбында сөз қозғады. Кеш тартымды өтті.

Біртұтас тәрбие аясында «Өнегелі 15 минут» іс — шарасына 6-сынып интернат тәрбиленушісі Мұстафаның әжесін шақырдық. Онда, қыз баланың тәрбиесі, жүріс тұрысы, инабаттылық, мәдениеттілік туралы сөз қозғалды. Алтын уақытын бөліп келген әжемізге үлкен рақмет дейміз.
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Өнегелі 15 минут”
7-сынып интернат тәрбиеленушісі Серік Әділеттің анасы келіп “Салауатты өмір салты” тақырыбында өнегеге толы әңгіме жүргізді.

”Біртұтас тәрбие„ бағдарламасы аясында «Өнегелі 15 минут» 10 сынып интернат тәрбиенушілерімен Өмірбекұлы Бағдаулеттің анасы Алма ханым келіп, тәрбиеші Абилкасова Б.Т. -мен бірге“Мамандық-менің болашағымның таңдауы„ тақырыбында оқушылармен мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсетті.Өзінің өмірлік тәжірбиесімен бөлісіп,оқушыларға жол сілтеді.Мамандық таңдауда ең бастысы – өзіңнің қабілеттерің мен қызығушылықтарыңды ескеру, сондай-ақ, қоғамға пайда әкеліп, адамдардың игілігі үшін қызмет ету – нағыз маманның басты мақсаты екендігін түсіндірді.

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Өнегелі 15 минут”
7-сынып интернат тәрбиеленушісі Сагындыкова Дарияның анасы келіп “Тазалық- денсаулықтың кепілі, ал денсаулық- бақыттың бастауы!” тақырыбында өнегеге толы әңгіме жүргізді. Уақытын бөліп келген анамызға алғысымызды айтамыз.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Өнегелі 15 минут» 6″А»сынып қыздарымен Манат Жігердің мамасы Қорлан ханым келіп «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында сынып қыздармен қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, сымбаты туралы мағлұмат берді. Қыз балалардың бойына адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық қасиеттерді дамыту мақсатында қыздарға мағлұмат берді.
Сынып жетекшісі: Сламбекова К. Н

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы шеңберінде “ Өнегелі 15 минут” 7-8-9-10-11 сынып интернат ер балалар тәрбиеленушілерінің арасында “ Ер азаматтың міндеті мен болашаққа жол” тақырыбындағы кездесуде
мектебіміздің оқушылары 8 сынып оқушысы Бүркіт пен 7 сынып оқушысы Ақботаның атасы қонаққа
келіп сүбелі әңгіме өрбітті. Екінші бөлім дастарханда жалғасты.
«Біртұтас тәрбие»бағдарламасы шеңберінде «Өнегелі 15 минут» шарасы ата-аналар үшін күнделікті баламен тығыз байланыс орнатудың тиімді жолдарының бірі. Осы мақсатта Қ.Аяжанның әкесі Тұрсынбаев Қианаят мінез — құлық және адамгершілік туралы әңгімелесуі.

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Өнегелі 15 минут”
7-сынып оқушысы Даирова Айарудың анасы келіп “Қыз бала әдебі-ұлттық тәрбие негізі” тақырыбында қыз баланың үлкенді құрметтеуі, сыпайы сөйлеуі және өзін-өзі ұстауы, киім кию мәдениеті туралы өнегеге толы әңгіме жүргізді.
Уақытын бөліп келген анамызға алғысымызды айтамыз!

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Өнегелі 15 минут» 6-сынып интернат тәрбиеленуші ұлдарымен «Ұл тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда ер жігіттің қалай болу керектігі, үлкен-кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, қалай қамқорлық жасау, қалай үлгі-өнеге болу, сын сағаттарда азаматтық таныту секілді істерге бағыт бағдар беру еді. Аталған шараға мектебіміздің белсенді әкесі Құмай Ақан қатысып, әкелік кеңесін айтты.
