Ақпан айының 5 күні мектебімізде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған «Қатерлі өткел» романы бойынша «Адасқан ақын» атты сахналық қойылым қойылды. Талапты да талантты оқушылар өздерінің актерлік шеберліктерімен көрермендерді тәнті етті. Шара қонақтары оқу-әдістемелік орталығының басшысы Абдикерова Бакиткул Химальдиновна, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Смағұлова Ғазиза Ғабдоллаевна және білім беру ұйымдарының педагогтері болды. Бұл мерейтойлық шара Ілияс Есенберлиннің әдеби мұрасын ұлықтап, мектеп оқушылары мен шара қонақтары, мектеп ұстаздары үшін үлкен рухани байлыққа айналды. Жазушының 110 жылдық мерейтойы – оның шығармашылығын жаңғыртуға, жас ұрпаққа мұра етуге тамаша мүмкіндік. Ілияс Есенберлин – қазақ рухының шамшырағы, ұлттық сананың оятушысы. Оның қаламынан туған әрбір
шығармасы – ұрпаққа аманат. Ілияс Есенберлиннің рухани мұрасы әрқашан ұлықталып, кейінгі ұрпақтың санасында мәңгі сақталары сөзсіз. Бұл шараның мақсаты да осы мұраны насихаттау, жас жеткіншек санасына сіңіру болатын. Бұл облыстық шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Тилеубаева К.О., Разбекова С.К., Какимова С.Ш., Тойжанова Ш.Б. шебер ұйымдастыра білді.


Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімі бауырлас
мектептердің ата-аналары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген
волейболдан жарыста мектебіміздің ата-аналары «Бас жүлдені» жеңіп алды. Құттықтаймыз!!! Мектебіміздің қоғамдық өміріне белсенділік танытып жүрген ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз.

Мектеп-интернат дәрігері М.Р.Арменова интернат тәрбиеленуші ұл балалармен кездесу ұйымдастырды.Кездесу барысында ұл балалардың физиологиялық жетілуі мен гигиеналық тазалық ұстау жайлы кеңес берді.

Бүгін 21.02.25 күні Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатында «Білім мен тәрбие арқауы – құндылық» атты іс-тәжірибе тарату семинары өткізілді.Бұл семинардың мақсаты біртұтас тәрбие мен құндылықтарды білім беру жүйесінде жүзеге асырудың маңыздылығын түсіндіре отырып, сабақ барысында өмірлік құндылықтарды меңгерту.Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып,жаңа дүниелермен танысты.Ұлттық құндылықты дәріптейтін іс-шаралармен қатар,қауіпсіздік сабақтары,бала құқығы мен оқушының мектепке деген махаббаты жайлы жұмыстар жүргізіліп,жаңа жобалармен таныстырды.Ұмыт болған ұлттық тағамдарды көрсетіп,әже мен немере арасындағы үлкен тәрбие көзі болатын ұршықты иіріп,өз жұмыстарымен бөлісті.Мектебіміздің үлгілі оқушылары өнерлерін көрсетіп,жетістіктерімен таныстырды.Семинарға келген әрбір қонақ ризашылығын білдіріп,жақсы көңіл-күйде аяқталды.