02.12.2024ж күні 5″Б» сынып оқушылары мен «Адалдық сағаты» аясында » Адалдық жүрген жерде- адамдық жүреді» атты сынып сағаты өтіп, бейнероликтер көрсетілді.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Жамбыл атындағы ММЛИ 9 сынып интернат тәрбиеленушілерінің «Желтоқсан — ерлік пен ынтымақ айы» аясында түсірілген бейне көрініс.
Егемен еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күіне орай Жамбыл атындағы ММЛИ 9 А, 9 Ә оқушылары “Тәуелсіздік -елімнің ерлік жолы “ атты кешті жоғары деңгейде өткізді . Кеште “Ұлтқа қызмет” , “Желтоқсан оқиғасы” қойылымынан үзінді көріністер қойылды. Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімін оята отырып елін , жерін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу. Жауптылар 9 сынып жетекшілері : Майкопова Т.А , Қалиева Ж.У және үйірме жетекшілері Мұздыбаев М. Т, Садықов Т.А.
Білім алушыларды көркем еңбекке, музыка әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру және қолөнер арқылы функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыра отырып құндылықтарды бойына дарыту мақсатында «Әсемдік әлемі» апталығы ұйымдастырылды. Осы апталық аясында 05 желтоқсан күні «Бөрі мінез бабалардың арманы…» тақырыбында «Құмдауыт» жыр жинағының авторы Жәлел Қуандықұлы, Мәди Ахмет Қожа мектеп ұстаздары мен оқушыларымен жүздесіп, сүбелі сұхбат өткізді. Кездесуге келгендер оқушыларға ой салып, шабыт берді. Ұйымдастырушы: Муздыбаев Максат Толеутаевич.
Қаңтар айының 30-ы күні Жамбыл атындағы ММЛИ-да «Қауіпсіз мектеп — қауіпсіз орта» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналардың ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінде күн тәртібінде қарастырылған мәселелер бойынша «Қауіпсіз мектеп — қауіпсіз орта» тақырыбында полиция аға лейтенанты Исаков Ж.Е., Тербаева С.С. балалардың қауіпсіздігі мәселелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп директоры Букенов Б.Қ. Баланың қауіпсіздігі — басты талап екенін айта келе, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сақтық шараларын айта отырып, мәселелерді айқындап, алдын алу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, балаға тәрбие беруде төзімділік, сенім, сүйіспеншілік және дұрыс тәрбие берудің маңызы зор екені атап айта келе, мектеп директоры ата-аналардың алдында есеп берді. Балаға білім мен тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастыратын демеушісі — ата-ана, сол бағытта ата-аналар жиналыс барысында пән мұғалімдерімен кездесіп, балаларының білім мен тәрбиесіне байланысты сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды, алдағы уақытта да осындай жиналыстар көбірек өткізілсе деген ұсыныстарын айтып, алғыстарын білдірді.