Біртұтас тәрбие аясында “Әділдік және жауапкершілік” айы негізінде 18.11.2024 күні 7-10 сынып интернат тәрбиеленушілерінің арасында “Қызық екен” интеллектуалды ойыны өткізілді

Пікірсайыс турниріне 8 топ қатысты. Турнир нәтижесінде:
2024 жылғы 13 қарашада мектебімізде «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубы 9-10 сыныптар арасында пікірсайыс турнирін өткізді. Мақсаты: оқушылар арасында мектепшілік пікірсайыс қозғалысын дамыту және насихаттау.
10 “А” командасы — 1 орын;
10 “Ә” командасы — 2 орын
9 “А” командасы және 10 “А” екінші командасы — 3 орын иеленді.

Біртұтас тәрбие аясында “Әділдік және жауапкершілік” айы негізінде 2024 жылдың 11 қарашасы күні 7 А сыныбында «15 қараша Ұлттық валюта — теңге” күніне орай ақша түрлері және оның тарихы туралы түсінік беру, ел рәміздерін қастерлеуге баули отырып, ұлттық теңгені қадір тұту, Отанға деген патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында сынып сағаты өткізілді. Аптаның дәйексөзі: «Тура биде туған жоқ!”

Біртұтас тәрбие аясында “Әділдік және жауапкершілік” айы негізінде 11.11.2024 күні 8А сыныбында 15 қараша “Ұлттық валюта- теңге” күніне орай сынып сағаты өтті. Мақсаты: ақша тарихы туралы түсінік беру, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Аптаның дәйек сөзі: “ Тура биде туған жоқ!”

9-10-11 сынып оқушыларына кәмелетке толмағандар істері бойынша учаскелік полиция аға инспекторы Имантаев Темірлан Серікұлы құқық бұзушылықтың және нашақорлықтың алдын — алу мақсатында бейнероликтер көрсетті. Әлеуметтік желілердегі ойындар, олардың зияны, әртүрлі сайттардың арбауымен, жасөспірімдердің өмірден кетуімее аяқталуда екендігіне дәлел келтіріп, әртүрлі интернет ойындарына жоламауға шақырады.

Жауапкершілік пен әділеттілік айлығы аясында 5 “А” сыныбы тәрбие сағатында
«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді.

2024 жылдың 19 қарашасында интернатта «БД Қазақстанда тек қана валюта ретінде теңгені қолдануды ұсынады» тақырыбында 6,9 сыныптар арасында пікірталас турнирі өтті.
Мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету. Өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру.
