Мектеп жаңалықтары

Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!!

«Ғылым және технология» жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығы аясында өткен сыныптан тыс іс-шарадан көріністер:Географиялық эстафетаТақырыбы: «Уақыт машинасы»Мақсаты: білімнің беделін көтеру, тұлғаның зияткерлік дамуына ықпал ету.Қатысушы қомандалар:8 «ә» және 8 «б» сынып оқушылары.Эстафета…

«Болашаққа бір минут» бейнероликтер байқауы 11 сынып.Жаһандық өзгерістер өзекті және сұранысқа ие мамандықтардың әлемдік статистикасын есепке алуға мүмкіндік береді.Болашақ білімде. Толық цифрландыру және басқа да жаһандық процестер еңбек нарығына және…

Химиялық тәжірибелер: «10 керемет химиялық эксперимент». Мақсаты: оқушылардың ой — өрісін кеңейту, тәжірибесін жандандыру, ойлау қабілетінің логикалық және аналитикалық қабілетін дамыту. Өткізген: Файзуллина И.К.

“TERMINOLOGY OF BIOLOGY,CHEMISTRY, PHYSICS,COMPUTER SCIENCE” атты 7 сыныптар арасында зияткерлік жарыс өтті. Мақсаты:Танымдық қабілеттерді дамыту, коммуникативтік дағдыларды,пәндік білімді қалыптастыру.Өткізген:Тойбек Ж.А.

Сүйінші! Құттықтаймыз! Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңінде «Айтып өткен ақында арман бар ма?»номинациясы бойынша мектебіміздің оқушысы Бақытбек Гауһар жүлделі І орынды…

Такырыбы:Қышқылдар. № 6 зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу». Максаты:8.3.4.8-қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Ғылым мен үшін нені білдіреді?

«Ғылым мен үшін нені білдіреді?» тақырыбында 11 сыныптар арасында Эссе жазу күні өтті. Мақсаты-зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, өзіндік шығармашылық ойлау, өз ойларын жазбаша баяндау дағдыларын қалыптастыру. Өткізген Баданов Н.М

“Ғылым және технология” апталығы аясында, 7-сыныптар арасында география пәнінен «Жас эрудит» зияткерлік сайысы өтті.Мақсаты: Қызығушылық пен көкжиекті дамыту, география пәні бойынша негізгі материалдарды қайталау. Пән мұғалімі: Жаканова Г.Т

Ғылым және технология

Мектебімізде 8-12 сәуір аралығында “Ғылым және технология” жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығы өтеді. Мақсаты: Мәселелерді шешуде тың идеялары бар, жаңаша стильде ойланатын, өз-өзіне сенімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.