Мектеп жаңалықтары

«Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!!

Оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес, Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай 6-сынып оқушыларынан «Бір атаның балалары» әңгімесі бойынша бестік диктант, 10-сынып оқушыларынан Мұхтар Мағауиннің шығармашылығы бойынша диктант алынды. 9-сынып оқушылары «Тілімнен…

«Еңбегі адал жас өрен » жобасы бойынша 5 сынып интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытты ұйымдастыру — шығармашылық қабілетін арттыру жолы.Бос уақытта шахмат, тоғызқұмалақ бес тас ойнап, кітапханада кітап оқиды.

“Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша , “Сыныппен біргеоқимыз!“ деген акция аясында , оқушының кітапханадағы бір күніЖауапты: мектеп кітапханасы

“Еңбек — жай ғана қызмет емес,адам болмысының айнасы” (Абай) “Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша Еңбек түбі береке деп 8-сынып интернат тәрбиеленушілерімен ауланың қарын тазалауға шыққанынан бір сәттік көрінісЖауапты: 8-сынып…

«ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығының жоспары негізінде 7 «А» сынып оқушысы Марғұланқызы Әминаның «Мен – елімнің ертеңімін!» тақырыбында дайындалған 3 минуттық бейне репортажын ұсынамыз.

Бүгін 5-7 сынып оқушылары арасында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жылдам оқу дағдыларын дамыту және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Шапшаң оқу» акциясы өткізілді. Бұл акция оқу мен жеке даму…

Мектебімізде бүгін оқушылардың сауаттылыққа деген қызығушылығын арттыру, білімнің маңыздылығын ұғындыру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету, жастардың бойында жауапкершілік, патриотизм және жарқын болашаққа ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымын нығайту…

Бүгін, қаңтардың 20 күні саптық жиында қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу және оқушылардың оқу сауаттылығы дағдыларын…